458917361 817611047226808 5775167558927221149 nplaceholder

Жаппасбай батыр көшесіндегі көлік қозғалысы жақын күндері қайта жанданады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаппасбай батыр көшесіне барып, Қорқыт ата көшесінен көлік жолайрығына дейінгі бөлікті жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жобаның мердігері – «УАД», техникалық қадағалаушы – «Тараз-Технопроект» серіктестіктері. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 3,3 шақырым. Жобада жаяу жүргіншілер жолын және жарықшамдар орнату қарастырылған.

Жаппасбай батыр көшесі – қаладағы магистральды көшенің бірі. Жақын күндері мұндағы көлік қозғалысы қайта жанданады, яғни жаңғырту жұмыстарынан кейін көше ашылады.

Еске салсақ, биыл қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға

34,8 млрд. теңге бөлінген, 97 көшені салу, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 54 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып, 81 көше жарықтандырылуда. Мұнан бөлек, әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, Шиеліден кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы кеңейтілуде. Ал, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Қызылорда-Құмкөл» автомобиль жолын қайта жаңғыртады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар