458476268 815020740819172 7184157575713011909 nplaceholder

Терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Онда «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» Қызылорда облысында орындалуы қаралды. Сондай-ақ, аймақты дінтанушы-теолог мамандармен қамтудың, шетелдік күмәнді теологиялық білім алудың тиімсіздігі туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстардың, Арал және Қазалы аудандарында деструктивті діни ағымдар профилактикасын ұйымдастырудың нәтижесі сараланды.

Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімі сала басшыларына осы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шесть − пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар