Сыр өңірінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған мерекелік шара өттіplaceholder

Сыр өңірінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған мерекелік шара өтті

Бүгін Достық үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Тілі бірдің – тілегі бір» атты мерекелік шара өткізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып белгіленген.

5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Осыған орай, Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес бүгін Достық үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Тілі бірдің – тілегі бір» атты мерекелік шара өткізілді.

Шараға Қызылорда қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен студенттері, этномәдени бірлестік пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және облыстық, аумақтық мекемелердің басшылары мен мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шара «Тал бесікте тербелген ана тілім!» атты прологпен ашылды.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.Каюпов құттықтау сөз сөйлеп, облыстағы бірқатар тіл жанашырлары мен сала мамандарын облыстың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғысхаттарымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғысхаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсетіп отырған және мемлекеттік тілді насихаттаудағы жетістіктері үшін «Үздік телехабар» номинациясымен «Qyzylorda» облыстық телеарнасының «Қоңыр әңгіме» хабарының жүргізушісі Н. Мансұров, «Тіл жаршысы» номинациясымен «Тіл сақшысы» газетінің ұжымы, «Үздік қазақтілді кәсіпорын» номинациясымен Қазалы өндірістік цехы, «Үздік қазақтілді балабақша» номинациясымен «Күнекей» балабақшасы, «Үздік қазақтілді емхана» номинациясымен Қалалық орталық емханасы, «Көрікті жарнама-көркем атау» номинациясымен «Дәстүр» отбасылық кешені, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» номинациясымен Сырдария аудандық № 12 өрт сөндіру бөлімінің райдиобайланысшысы З. Жидкова марапатталды.

Бұдан соң облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгісі табысталды.

Шара барысында жиналған қауымға мерекелік шашу ретінде әзірленген концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 − три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар