Бала саудасымен айналысты деген қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандарды саудалады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
“25 тамызда Surak.baribar әлеуметтік желісінде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған балаларды заңды түрде асырап алу түріндегі заңсыз әрекеттермен айналысады делінген қылмыстық топ жұмыс істейтіні туралы жедел ақпарат келіп түсті. 28 тамызда облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдіктіні анықтады”, – деді Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.
Полиция қызметкерлер кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна, Грегор Замза обнаружил, что он у себя в постели превратился в страшное насекомое.