457522726 2077758629286305 3760872889593541865 nplaceholder

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.

Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.

Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: http://www.gov.kz/…/ent…/mam/documents/details/685056…

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:

+7 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар