Директор психикалық ауытқуы бар адамды жұмысқа салған

Директор психикалық ауытқуы бар адамды жұмысқа салғанplaceholder

Мекеме директоры жүйке-жүйесінде ауытқуы бар адамды жұмысқа салған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Аталмыш заңсыздық Абай облысында орын алған. 

Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 адамды шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына жегу фактісі анықталған.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары («Адам саудасы») бойынша тергеген.

Қазір іс сотқа жолданды.

“Сонымен қатар мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға, тамақ дайындауға мәжбүрлеп, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған”, – дейді облыс прокурорлары.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар