8 жасар бала өзенге батып кетіп, іздестірілуде

8 жасар бала өзенге батып кетіп, іздестірілудеplaceholder

Өзенге батып кеткен 8 жасар баланы бір тәуліктен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тобыл өзеніне кішкентай бала батып кеткен.

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Козыревка ауылында бала мен ер адам Тобыл өзені арқылы жағалаудан өтіп бара жатып, байқамай суға түсіп кеткен.

“Ер адам судан өз бетімен шықты. Ұл баланы ағыс ағызып кетті. Баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары, сондай-ақ жүзу құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды”, – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар