456233013 519490337432892 5057794239214410548 nplaceholder

Ұстаздарды қолдау – болашақ ұрпақты ойлау

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Digital Kazakstan: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында өткен облыстық педагогикалық тамыз кеңесіне қатыстым.

Кеңесте аймақ ұстаздарына көрсетілген қолдаулар мен білім саласын дамытуға бағытталған нақты қадамдар сөз болды. Алға қойылған міндеттер мен тапсырмалар айықындала түсті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, елімізде білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда.

Мәртебелі мамандық иелерін қолдауға мемлекет тарапынан барынша көңіл бөлініп жатыр.

Балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру — үлкен жауапкершілік.

Білім саласын өркендету мақсатында аймақ басшысы білім саласындағы қордаланған мәселелерге көп көңіл бөлуде.

Сыр еліндегі жағымды жаңалықтын бірі – аймағымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен республикада алғашқы үштікте болған. Биыл жиырма өңірдің ішінен оза шауып, бірінші орынға шықты.

Бұл – аймақ ұстаздары мен түлектердің күн-түн демей, аянбай еткен еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген жетістігі. Алдағы жылдары да бағындырған межеден түспеу үшін нақты жұмыстар жалғасын тапса игі.

Ең бастысы қолға алынған жүйелі жұмыстар ел игілігіне қызмет жасап, еліміздің ертеңі жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеудегі білім ошақтарының жетістігі көп болсын. Келе жатқан жаңа оқу жылы құтты болсын, жерлестер!

 

Мархабат Жайымбетов,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар