456333371 1281452513235098 5205211599649915805 nplaceholder

Руслан Рүстемов: «Оқу-ағарту саласына нақты қолдау жасалуда»

Бүгін Парламенттегі сырбойылық әріптестерімізбен бірге Қызылорда облысы білім беру қызметкерлерінің “Digital Kazakhstan: жаңа замандағы цифрлық білім беру” тақырыбындағы тамыз кеңесіне қатыстық.

Кеңесте облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев баяндама жасап, саланың алдындағы басымдыққа ие міндет-мақсаттарды айқындады.

Сыр өңірінің педагогтары Мемлекет басшысының білім саласына қамқорлығын толық сезінуде. Облыс әкімі тарапынан да аймақта оқу-ағарту саласына нақты қолдау жасалуда. Облыс бюджетінде өткен 1 жылдың ішінде білім саласының қаржысы 8,5%-ке өскен. Сыр өңірі 2020-2023 жылдары ҰБТ көрсеткіші нәтижесі бойынша аймақтардың арасында алғашқы үштіктен түспеген екен. Ал 2024 жылы Қызылорда облысы ҰБТ қорытындысы бойынша республикада 1-ші орынға шыққан. Тест сұрақтарында дұрыс жауаптарды көрсеткен түлектердің саны бойынша да Сыр өңірінің алдына ешбір аймақ түсе алмаған. “Күнделік кz” жүйесін қолдану бойынша өңіріміз алғашқы үштікте тұр.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. 2024 жылы 10 мектеп (6900 орын), 2025 жылы 11 мектеп (5400 орын) пайдалануға беріледі деп күтілуде.

2024 жылы пайдалануға берілетін 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жалпы 2024 жылы 14 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында музыкалық колледж құрылысы (650 орындық оқу ғимараты, 300 орындық жатахана) 2024 жылы, жуырда құрылысы басталған 500 орындық Балаларға арналған шығармашылық инновациялық орталықтың ғимараты 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен ағымдағы жылдың ақпан айында қаржысы бөлінген Шиелі кентіндегі №252 мектепке 375 орындық қосымша ғимарат, Жансейіт елді мекеніндегі №133 негізгі мектебіне 100 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы Бесарық ауылындағы №54 мектепке 375 орындық қосымша құрылыстары салынуда. Аталған нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 50 сауықтыру орталықтарын ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу тапсырмасы негізінде облыс бойынша 4 нысан (2 оқушылар үйі, 1 өнер мектебі, 1 сауықтыру орталығы) енгізілді. Демеушілік есебінен («Қазгермұнай» БК ЖШС) Қызылорда қаласының сол жағалауында 350 орындық (2 млрд. 371 мың тг) оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылы пайдалануға берілуі күтілуде. Бұған қоса, 2024 жылы 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы басталды (Жаңақорған ауданы). Құрылыс нысаны 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылындағы 200 орындық Маусымдық тынығу орталығы бекітілген жоспарға сәйкес 2027 жылы пайдалануға беріледі.

Бұл көрсеткіштердің бәрі салада нәтижелі жұмыстар жүріп жатқанын дәлелдейді.

Айта кету қажет, жыл сайын білім қызметкерлері үлкен үмітпен күтетін дәстүрлі тамыз кеңесінің бүгінгі тақырыбының “тұздығы” ретінде цифрлық білім беру ісінің нысанаға алынуы да бекер емес. Себебі, қазіргі жаһандану кезеңінде ұлт ретінде сақталуға ұмтылған әрбір халықтың алдында ұлттық тілі мен білім және ғылым саласындағы қажетті ақпараттарды, мәдени туындыларын ортақ құндылықтарға айналдыру міндеті тұрғаны белгілі.

Өйткені, адамзатты цифрлық технологиямен арбаған ғасырдың ұлттық құндылықтармен үнемі үйлесе бермейтіні де анықталып отыр. Тым белсенді виртуалды әлемнің тегеурініне төтеп беру ұлтын шексіз сүйетін ұрпақтың ғана қолынан келмек. Ал отаншыл ұрпақты қалыптастыру үшін сол ақпараттық технологияны, цифрлық білім беру ісін жете меңгеріп, ана тіліміздегі ғылыми ақпараттарды, мәдени өнім мен тәрбие құралдарын заманауи форматта жаңғырту, бүгінгі күннің тілінде ұсыну аса өзекті боп тұр.

Осы мәртебелі міндетті жүзеге асыру жолында барша Сыр ұстаздарына шығармашылық табыс тілеймін!

 

Руслан Рүстемов,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

13 + 6 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар