455771295 2070246530037515 5586825146229054443 nplaceholder

Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау жалғасуда!

2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурстық мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14-34 жастағы азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:

  1. «Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
  2. «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
  3. «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
  4. «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
  5. «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
  6. «Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан аралығында t.urpaktary2024@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.

Толық ақпарат жөнінде:

Министрліктің байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78

https://www.gov.kz/…/mam/press/news/details/821575

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар