Қала шетінен денесінде жарақаты бар әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Өскемендегі бау-бақша қоғамдарының бірінің шетінде 45-50 жас шамасында көзге көрінетін дене жарақаты бар белгісіз әйелдің денесі табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның егжей-тегжейі тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан, жария етілмейді. Мәйіт автопарктің жанында «Алтай бағбаны» бау-бақша қоғамында табылған.
Аймақ полициясының мәліметінше, «кісі өлтірді деген күдікті әлі ұсталмаған».