Amanat партиясының мүшесі педофилия фактісі бойынша қамауға алынды

Amanat партиясының мүшесі педофилия фактісі бойынша қамауға алындыplaceholder

Кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық жасады деген күдікке ілінген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Оқиға Жетісу облысының Ақсу ауданында болған. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес күдікке ілінген азамат – Amanat партиясының Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы төрағасы.

Партияның облыстық филиалы аталған дерекке байланысты пікір білдірді.

“Биыл тамыз айының басынан бастап Жетісу облысы бойынша партия филиалдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің ешқайсысы қандай да бір қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тартылған жоқ. Ал Жетісу облысы “Аманат” партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы биылғы жылдың 1 тамызында өтініш негізінде жұмыстан шықты”, – деді партия облыстық филиалының баспасөз хатшысы Қымбат Сейдахмет.

Полиция күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.
 
Ақсу ауданының полиция бөлімі кәмелетке толмағанды жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр”, – дейді ведомстводағылар.
 
Полицияның айтуынша, тергеу шеңберіндегі басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 + семь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар