
Президент үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті.
«Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды», — делінген хабарламада.