455684436 2067358260326342 8092224434186791521 nplaceholder

Көшпелі семинарлар өткізілді

Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 5-14 тамыз аралығында Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелеріне қатысты көшпелі семинарлар өткізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Басқарма мен оған қарасты Тілдерді оқыту орталығының жауапты қызметкерлері әкімдіктерде «Тіл туралы» Заң талаптарының орындалуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, көрнекі ақпарат, ономастика мәселелеріне орай әдістемелік көмектер көрсетті.

Іссапар барысында қала, аудан әкімдігіне қарасты бірқатар кент, ауылдық окруктердің жұмыстары зерделенді. Зерделеуге қамтылған ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жұмыстарына бағыт-бағдар беріліп, әкімдіктердің ісқағаздарында орын алған кемшіліктерді жою, сауаттылыққа мән беру, есеп-қисап құжаттарында «Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар, көше атауы жазылған аншлагтар зерделеніп, нәтижесімен тиісті әкімдіктерге көше аншлагтарын Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен үлгіде QR-код қосымшасымен бірге әзірлеу, көшеге есімі берілген тұлғаларға рұқсатсыз қойылған белгілерді алып тастау қажеттігі ескертілді.

Зерделеу жұмыстарының қорытындысымен қала, аудан орталықтарында аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне, мамандарына арнайы семинар өткізіліп, онда «Тіл туралы» Заңға және ономастика саласы бойынша басшылыққа алынатын құжаттарға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Сондай-ақ, ауылдық округ мамандары мен тұрғындарының Тіл орталығы арқылы оқыту курстарына қамту мәселесіне көңіл бөлу, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы «emle.kz», «qujat.kz», «sozdikqor.kz», «termincom.kz», «tilqural.kz», т.б. сайттарының көмегін пайдалану ұсынылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семнадцать + 18 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар