"Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген": Полиция не дейді?

"Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген": Полиция не дейді?placeholder

Полиция қазақстандықтарды Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісіне байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінге дейін «НеМолчи.kz» қорының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қызылордада 16 жастағы оқушыны сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат пайда болған еді.

«Әлеуметтік желіде пайдаланушылар ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізбей, жалған ақпарат таратады. Атап айтқанда, әлеуметтік желіде «Қызылорданың мектеп ОПГ мүшелері сыныптасын секс-құлдықта ұстады» тақырыбында және осы істің төңірегінде көптеген жалған ақпарат пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, кәмелетке толмаған күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

«Жәбірленуші тарап 6 ай бойы құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізіліп жатыр. Ата-ананың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс тіркелген, бүгінде күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел жұмыс жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар