Адамдар мінген автобус аударылып қалды

photo 124105.pngplaceholder

Адамдар мінген автобус жолда апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға Екібастұзда болған. Өндірістік кәсіпорындардың бірінде жұмысшылар мінген көлік жол апатына ұшыраған.

Зардап шеккендер туралы әлі хабарланған жоқ. Жергілікті телеграм арна жариялаған суретте көмір кәсіпорындарының бірінің жаны екені байқалады. Автобустың алдыңғы жағы қирап, әйнегі сынған.

“Екібастұзда ЖШС-нің бірінің аумағында жүргізуші ПАЗ автобусын тізгіндей алмай жол шетіне аударылып қалған. Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері болды. ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ, сол жерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі”, – деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір зардап шеккендерді дәрігерлер тексеріп жатыр.

“Ауыр жағдай жоқ”, – деп сендірді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

19 + 8 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар