454458050 795953456059234 9032227864484525190 nplaceholder

Сыр елінде «Алтын белбеу» жарысы басталды

Қазақша күрес – ұлттық намысымызды оятып, көрерменге шабыт, рух сыйлайтын құдіреті биік күрес, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Көшпенділерге тән ұлттық спортымызды дамыту мақсатында жыл сайын «Алтын белбеу» жарысын өткізу дәстүрге айналды.

Аймақ басшысының қолдауымен қазақ күресінен «Алтын белбеу» ақтық жарысы биыл 15-ші мәрте жалауын көтерді.

Сайыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан спорт саласындағы бастамаларды айтып, қазақ күресінің бұқаралық серпін алып, жастардың спортқа қызығушылығы артқандығын атап өтті.

Сайыста 5 салмақ дәрежесі бойынша 270-тен астам сыр бойылық палуандары күш сынасады.

Жарыста «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.

Айта кету керек, облыста балалар мен жасөспірімдерді, халықты бұқаралық спортпен қамту бағытында жаңа спорттық нысандар көптеп бой көтеруде.

Статистикалық ақпараттарға сәйкес, халықтың спорттық нысандармен қамтылу деңгейі 44 пайызды құрады.

Халықтың сұранысына сәйкес облыс әкімінің бастамасымен Сырдарияның сол жағалауынан үстел теннисі орталығы, заманауи талаптарға толығымен сай келетін жаңа стадион құрылысы жүруде.

Сонымен қатар, спорттық шаралар, ұлттық рухымызды асқақтататын ұлттық спорт түрлерінен түрлі шаралар легі қарқынды ұйымдастырылуда.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять − шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар