“12 тамыз – Халықаралық жастар күні” қарсаңында қала және аудандардың барлық емханасында 18-29 аралығындағы жастарға профилактикалық қарап-тексерулер бойынша ашық есік күні өткізілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бұл шараның мақсаты – жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сонымен қатар, 5 тамыз күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында кешкі сағат 17:00-19:00 аралығында “Дені сау жас – ел болашағы” ұранымен көшпелі акция ұйымдастырылады.
Аталған акцияда жастардың медицина мамандарынан (жалпы тәжірибелік дәрігер, уролог, гинеколог, психолог, валеолог) кеңес алуға мүмкіндіктері бар!