Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылаған.
Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты.