Қаладағы 424 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі

Жазира Бағланқызы
2 Min Read
453595310 2055523384843163 5319831053285808066 n e1722524380925placeholder

Қаладағы 424 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі

Биыл қала көшелерін электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында 9 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, желілердің тозу деңгейі 62 пайызға төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Одан бөлек, бүгінде қала тұрғындарының 100 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Ал, «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 30 жоба жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов мәлімдеді.

– Биыл Ақжарма елді мекені мен Сабалақ саяжайы және қалада қалып қойған шағын аудандарды газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруінің негізінде қаладағы 424 көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар екі кезең бойынша жүзеге асатын болады. Бірінші кезеңде 187 үй ыстық сумен қамтылса, 2025 жылы қалған 237 үйге ыстық су кіргізіледі деп күтеледі. Одан бөлек, 23 тұрғын үйдің аулаішілік жолдарын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес, 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейін, бүгінде қала аумағында 250-ге жуық балалар ойын алаңы орнатылған, – деді Серік Салауатұлы.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қала орталығында орналасқан 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері линеарлық панельмен қапталса, 77 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеттерін заманауи үлгіде әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

– Бүгінде қала аумағында 33 сквер-аллеялар, саябақтар мен демалыс орындары бар. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қалалық мәдени және демалыс паркі және Тұңғыш Президент, денсаулық, Батырхан Шөкенов атындағы саябақтары мен Қорқыт Ата мемориалы аллеясын қайта жаңғыртудан өткізу жоспарланып отыр. 1 қыркүйектен бастап Орталық паркті жаңғырту жұмыстарын бастайтын боламыз. Алдағы уақытта қала аумағында ағаш талдары бар жерлерге демалыс орындарын көбейту бағытында қажетті шаралар қабылдаймыз,- деді Серік Салауатұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру