Жалпыға бірдей декларациялау: ІІІ кезеңнің қорытындысы қандай?

Жазира Бағланқызы
1 Min Read
453630850 2056017071460461 6554568796163500369 n e1722523944737placeholder

Жалпыға бірдей декларациялау: ІІІ кезеңнің қорытындысы қандай?

Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларациялауға 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшеді. 2021 жылы басталған міндеттеменің үшінші кезеңі басталады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары белгіленген тәртіп бойынша өздері жайлы толық мәліметті ұсынулары тиіс. Декларациялаудың үшінші кезеңінің қорытындысын Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркін Елшібеков мәлімдеді.

– Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсына бастады. 2024 жылы Декларацияны 86 304 мың жеке тұлға табыстауы қажет. Биылғы жылдың басынан бастап 53 285 мың жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 62 пайызы декларацияны тапсырды. Декларацияларды ұсыну бойынша ен үздік белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары танытып отыр.

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары үшін Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі 15 қырқүйекке дейін екенін ескертеміз.

Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын-ала табыстауды ұсынамыз. Декларация тұрғылықты тіркелген жері бойынша ұсынылады,-деді Еркін Кеңесбекұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 + восемнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру