"Хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіріп жатыр"

Қазақстандық әнші Ұланғасыр Қами болашақ жарына намаз оқытып, хиджаб кигізетінін айтты. Сондай-ақ ол қазіргі таңда күйеулерінің әйелдерін өлтіріп қоюы хиджаб кимегенінен екенін алға тартты, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

“Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме,шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсінетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, “сау бол” деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді”, – деді әнші.

“Неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой… Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс… Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, – деді әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің пікірін қызу талқылап жатыр.

“Шашыңды жалтыратпай, еркек болшы әуелі”, “Хиджаб киген қызды да өлтірген”, “Мынадай надан адамды сахнаға шығармау керек”, “Мұсылмандарға ән айту харам емес па?”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать − три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар