Instagram-да тікелей эфирде лотерея ойнатқан әйел сотталды

Instagram-да тікелей эфирде лотерея ойнатқан әйел сотталды

Instagram әлеуметтік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру дерегі анықталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласының тұрғыны “Лотереялар және лотерея қызметі туралы” Заңның талаптарын бұза отырып, тиісті лицензиясысыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 парақшадан тікелей эфирде “ЛОТО” ойнатқаны анықталды.

“Лотерея ұтысы ретінде Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылды. Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды. Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған (1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңге, 6 дана – 20000 теңге, 12 дана – 40000 теңге, 30 дана – 100000 теңге)”, – делінген хабарламада.

Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің шотына және туыстарының шоттарына жинаған. 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 миллион теңгеден асты.

Сот үкімі бойынша, әйел кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать + 13 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар