"Анама жаным ашиды": Айгүл Иманбаева мінезі туралы айтты

"Анама жаным ашиды": Айгүл Иманбаева мінезі туралы айтты

Танымал актриса Айгүл Иманбаева желідегі оқырмандарына жастық шағындағы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Иманбаева бала кезінен бері мінезі аса ауыр болғанын ашып айтты. Ол анасы ұрысқанда өзінен келіп кешірім сұрамайынша үйге кірмейтінін жеткізді. Десе де өнер иесі осы қайсар мінезінің арқасында көп жетістікке жеткенін алға тартты.

«Анамды ойлап кетсем жаным ашиды. Себебі бала кезде өте бұзық болдым. Итке де, есекке де таландым. Бұзаудың үстіне отырып, қолымды да сындырдым. Бірақ соған қарамастан мектепті беске оқыдым, өз айтқанымнан қайтпайтын алғырмын. Анам өмір бойы менің сенімділігімді көтеріп отырады. Барлық кемшіліктерімді артықшылыққа айналдырып жібереді. Сол себепті мен мүлдем комплексіз өстім.

Ер жетіп келе жатқан шағымда анам маған ұрысқанда мен сабанның үстіне барып, жатып алатынмын. Өзі кешірім сұрап, үйге кіргізбейінше мен өзім кірмейтінмін. Мінезім сондай болды. Сол мінездің арқасында лидер болдым. Бұл анамның арқасы деп білемін. Мені сындырмады. Бірақ ол кісіні ойлап кетсем, жаным ашиды. Мұндай мінезді қызды бағып өсіріп, көшке қосу оңай емес», – деп ағынан жарылды әнші Instagram-дағы парақшасында. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять − 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар