Әскери горнизондағы топографиялық қызмет бастығы штаб мүлкін ломбардтқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Семей гарнизоны әскери соты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (“Өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену” фактісі) бойынша әскери қызметкердің ісін қарады.
“Сотталушы О. штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта бәс тігіп, ұтылып, жеке басындағы қарыздардың көбеюіне байланысты пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды ломбардқа өткізген”, – делінген әскери соттың хабарламасында.