Әбдіжаппар Әлқожа 10 тәулікке қамауға алынды

Әбдіжаппар Әлқожа

Қазақстандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ақпаратты Алматы облыстық сотының телеграм-арнасында жариялады.

6 шілде күні Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында А.Б.-ға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды. Іс жағдайларынан белгілі болғандай, 2024 жылғы 5 шілдеде сағат 23:50 шамасында А.Б., көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, Қонаев қаласы, Рауан ықшам ауданы, Речниковая көшесінде орналасқан демалыс аймағының жанында «Toyota Camry» маркалы автокөлігін басқарған, – деп жазылған сот таратқан мәліметте.

Аталған ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін жаза ретінде 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Сот қаулысымен әнші ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – деп жазылған Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

7 + два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар