Қазақстанда бақсы-балгерлер 39 миллион теңге табыс тапқан

scale 1200

Ел тұрғындары астролог, бақсы-балгер мен көрікпкелдер қызметіне 39 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кәсіпкер ретінде тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы. Көріпкелдер Астанада 25,3 млн теңге табыс тапқан.

Сонымен қатар, аталмыш қаржы тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге түскен табыс. Ұйымның дерегінше, көріпкелдердің барлығының тіркеліп жұмыс істеуі екіталай, ал сауалнама барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған, сондықтан табыс бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Ресми деректер бойынша, қызметтердің жалпы көлемінің 38,1 миллион теңгесін халық төлесе, ал 1 миллион теңгені Атырау облысында тіркелген белгісіз ұйым төлеген болып шықты.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар