Танымал әнші Қайрат Нұртас сотқа тартылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасаған.
“Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі (“Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық”) және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі (“Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру”) бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті”, – деп пікір берген Жоғарғы Сот.
Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілген.