Қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан автокөлік балалардың ойын алаңына кіріп кеткен, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Аталмыш жағдайға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Баспасөз қызметі түсінік берді.
“Жол апатына кінәлі 2005 жылы туылған жігіт екені анықталды. Ақтау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 620-бабы “Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол оқиға кезінде ес-түссіз болған”, – деп ХАБАРЛАДЫ ВЕДОМСТВО.