Құрылыс жұмыстары қарқынды

448985754 769932815327965 3468883978958719835 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы нысандарды аралау кезінде «Dalatex» ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ерлер жейдесін тігетін цех 2016 жылы жұмысын бастаған. Екі жыл ішінде өнім түрі көбейіп, қуаттылығы жылына 120 мыңға, жұмыс орны 90-ға жетті.

«Dalatex» ЖШС «Алтын сапа» байқауында «Қазақстанның үздік тауары – 2018» номинациясын жеңіп алды. Маусым айының басында жоба бастамашысы тігін фабрикасын кеңейтіп, аумағы 1 900 шаршы метр болатын ғимаратқа көшті. Қуаттылығы жылына 400 мыңға, жұмыс орны 150-ге дейін өсті.

Әрі қарай аймақ басшысы Қан орталығына барды. Осы кезге дейін жеке ғимараты болмаған облыстық Қан орталығы жақын күндері ел игілігіне табысталады. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлінген.

Сондай-ақ, Нұрлыбек Нәлібаев халықтың талап-тілегі мен сұранысына сай салынған жаңа автовокзалдың жұмыс барысын көрді. Мұнда жолаушылар мен жүргізушілерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай қарастырылған. Жолаушылар осы жерден халықаралық және түрлі бағыттағы 38 маршрут бойынша сапарға шыға алады.

Аймақ басшысы қала әкімі Серік Қожаниязовқа, жауапты басқарма басшыларына барлық нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасын жіті қадағалауды тапсырды.м

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 − 20 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка