15 миллиард теңге ұрлаған: Білім саласындағы былық

5dcdbbb661833394055274

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елдегі білім саласы қызметкерлерінің ақша ұрлау деректерін мәлімдеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың сөзінше, 2023 жылдан бері барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген. Жалпы шығын – 15 миллиард теңге.

«Ең көп мөлшерде жымқырылған сома Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматыда анықталды. Қылмыс жасаған 317 адам әшкереленді, оның 144-і сотталып, түрлі жазаға кесілді», – деді БИҒАЙДАРОВ БРИФИНГ БАРЫСЫНДА.

Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқардағы аудандық білім басқармасының басшысына қатысты істі тергеуде. Оның айтуынша, аудандағы білім беретін мектептің директоры арқылы бағынысты ұйымдардың басшыларынан 18,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясы бойынша білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынған.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар