Алимент бойынша 6 миллион теңге қарызы бар адам қамалды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасының мәліметінше, борышкерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.
Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша жауапқа тартылған.
«Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, осы негізде қала прокурорының өтінішімен сотпен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздестіру жарияланды. Жүргізілген іздестіру шаралар нәтижесінде борышкер Қостанай қаласынан анықталып, қамаққа алынды», – делінген ХАБАРЛАМАДА.
Бүгінгі таңда борышкер тұрғын берешегі толық өтеген. Қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.