Базарға автокөлігін сатуға апарған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оқиға Ақтөбе қаласында орын алған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 55 жастағы әйел автокөлік базарына кеткен әйел үйіне оралмаған. Туыстары дереу Полицияға хабарлаған.
«Бұл хабарлама бойынша жеке құрам шұғыл көтеріліп, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Оның тұрғылықты жерінің гаражынан ұрланған автокөлік тәркіленді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – дейді Полиция департаментінің өкілдері.
Із-түссіз кеткен әйелдің денесі қала сыртынан табылған. Денесінен зорлық зомбылық, өлтіру іздері байқалған.
Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 192-баптары (кісі өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.