Ұрпақ ұмытпасын десек...

f2cd231a 8d46 4154 92dd 9ebaa78d2e74

          «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жастарды рухани-адамгершілік, әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Биыл бұл шаралар Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманының, армия генералы С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын және Халық Қақарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.

        «Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарындағы ерлігі» тақырыбындағы «Батыр баба тарих» викторинасы 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында өтті. Жарысқа 30 команда қатысты. Зияткерлік ойынның финалына «Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі», «Астана халықаралық университетінің» педагогикалық колледжі», З.Г.Мырзағұлова атындағы жоғары «Даналық» медициналық колледжі, «М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледж», «Шипагер» медициналық колледжі, «Сервис және туризм колледжі» командалары шықты.

         Викторинаның финалы 2024 жылдың 26 ​​сәуірінде өтіп, онда колледж студенттері өз командаларына белсенді қолдау көрсетті. Зияткерлік ойынның жеңімпаздары кубоктармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

         «Atamnyn Amanaty» ұйымының атына мұндай викторинаны өткізу қажеттілігі туралы жастардан да, колледж оқытушыларынан да көптеген оң пікірлер мен ұсыныстар келіп түсті.

            Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 мамырында Астана қаласындағы Достық үйінде «Аталар аманатына адалмыз» атты дөңгелек үстел өтткізілді. Оған аты аңызға айналған батырлардың ұрпақтары – Лира Нұрмағамбетова мен Дәурен Қошқарбаев, белгілі ғалымдар мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

          Орта арнаулы оқу орындары мен «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымы арасында жастарды патриоттыққа рухта тәрбиелеу бойынша қол қойылған меморандумға сәйкес, 2022-2024 оқу жылында белсенді қызмет атқарған колледждер Кеңес Одағының Батыры – қазақстандықтардың ерліктері туралы баяндамалар дайындады.

         Бұл шара ұрпақ сабақтастықтығының символына айналып, жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайта түскеніне сенімдіміз.

        Астанадағы Триатлон паркте өткен  5 және 10 шақырымдық жарыс Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қақарманы Рахымжан Қошқарбаевтың жүз жылдық мерейтойы аясындағы бір айтулы шара болды.

        Жарыс «Atamnyn Amanaty» ҚБ мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымадастырылды.

        Оған Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшілері мен төрт жүзден астам кәсіби желаяқтар мен спорт әуесқойлары қатысты.

         Марафонға қатысушыларды «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов құттықтады:

        – Спорттық шараларды атақты жауынгерлерді еске алу жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы тура осы жерде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бегелдиновке арналған жарыс өткен еді. Бүгінгі жарыс аты аңызға айналған батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осы аламанға қатысу – олардың ғасырлар бойы жасай беретін ерліктеріне деген тағзым мен құрмет, деді отставкадағы генерал-майор МАРАТ НАҒҰМАНОВ.

         Сондай-ақ, 2024 жылдың 31 мамырында біздің бірлестігіміз Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің Ақмола гарнизонында орналасқан 68655 әскери бөлімінде елордалық студенттерге арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Онда болашақ Отан қорғаушылар сарбаздардың тұрмыс жағдайын өз көздерімен көрді, салтанатты әскери ант қабылдауға куә болып, қару-жарақ пен әскери техника түрлерімен танысты.

          Бұл іс-шара жастар арасында әскери қызмет мәртебесін көтеруге, патриоттық сезімдерін дамытуға ықпал етуде.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 + шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар