Тұтынушыларға 6,4 млн теңге көлемінде қаржы қайтарылған

1bbe7a4e54ba7c6abcddcfc081ea9e12 original.97089

Жыл басынан бері тұтынушылар тарапынан 203 өтініш келіп түскен. Жауапты мамандар аталған өтініштер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Тұтынушылардың құқығын қорғау – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Уақыт өткен сайын сауда нарығының аясы кеңейгендіктен тұтынушылардың да сұранысы ерекше артып келеді. Алайда, азаматтардың құқықтарын қорғау – ең басты міндеттердің бірі екені сөзсіз. Жалпы, жыл басынан бері тұтынушылар тарапынан 203 өтініш келіп түскен. Аталған өтініштер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимурзаев мәлімдеді.

-Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департамент тиісті жұмыстарды жүргізуде. Дегенмен, жыл сайын тұтынушылардан келетін арыз-шағымдар азаяр емес. Оның басты себебі – көлеңкелі сауданың құрбаны болып, алаяқтарға алдануы, тұтынушы өз құқығын білмеуі және чек талап етпеуі. Өткен жылы тұтынушылардың құқықтары бұзылу бойынша 114 өтініш келіп түссе, жыл басынан бері 203 өтініш қаралды. Оның ішінде 60 өтініш қанағаттандырылып, 71 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Осының нәтижесінде, тұтынушыларға барлығы 6,4 млн теңге көлемінде қаржы қайтарылды. Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларының сапасы мен анықтамасының талапқа сай келуін қадағалау мақсатында «Сапалы өнім» жобасы жүргізілуде. Бүгінде «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Аталған заңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады, – деді НҰРЛЫБЕК ШОНЖАРҰЛЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семнадцать + 13 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар