Қызылордада қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы азаматтар санаты белгілі болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Нақтыласақ, 20 мамырдан бастап
«Алтын алқа»,
«Күміс алқа» алқаларымен наградталған;
«Батыр ана» атағын алған;
I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
І топтағы мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүреді.
Бұдан бөлек, 15 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтарға да жеңілдік қарастырылған, яғни жол жүру билетінің толық құнының елу пайызын төлейді.