«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңіріндегі «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқанына сәйкес, «Таза өлке» апталығына аудан тұрғындары белсенді қатысуда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Акция барысында Жаңақорған кенті Хорасан ата көшесі бойында ағаштарды көктемгі қырқу, әктеу, сыртқы қоршауларды бояу, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілді.
Игі бастамаға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Ерғали Оразбеков тұрғындарды туған жерімізді бірге көркейтуге шақырды.