Қызылордада «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бүгінде өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шаралары сәтті жүзеге асырылуда. Осы бағытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге және облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асылхан Ашиков сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша толыққанды брифинг берді.
-Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – ел саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі», – деп өз сөзінде ерекше атап өткен болатын. Бұл ретте біздің департамент аймақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өздеріңізге белгілі, қызметіміздің басты бағдары ретінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» әзірленген болатын. Аталмыш карта департаменттің күнделікті жұмысының негізгі бағдары десек болады. Жалпы, біздің облыста жемқорлықтың тоғыз бағыты айқындалған. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен, жер, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік сала, олигополия, бизнес, сейсмикалық қауіпсіздік және т.б. Осы ретте картада көрсетілген әрбір сала бойынша департамент тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді АСЫЛХАН АШИКОВ.