Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылындағы серіктестіктің бұрынғы директоры Сейткамал Султановқа іздеу салынды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сейткамал Султановқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы, яғни, «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша іздеу жүргізілуде. Іздеуде жүрген күдіктіге қатысты қандай да бір мәлімет берген жағдайда анонимдік сақталып, ақшалай сыйақы қарастырылған.
Байланыс телефондары: «102», 8-(7242)-29-57-07, 29-50-58, 29-70-10
Сенім телефондары: 8-(7242)-29-57-07, 8-701-369-55-35