Жер дауы көбейген

117650343 352031669289661 138662263138195984 n

Жыл басынан бері Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 292 талап қою арызы түскен. Сотқа түскен бұл арыздардың басым көпшілігі – жер дауына қатысты мәселелер, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ, еңбек дауы, тұрғын үй мәселесі, мүлік салаларына қатысты да арыз тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева мәлімдеді.

– Қаралған арыздардың 273-і яғни, 93 пайызы толық аяқталып, оның 82 пайызының тиісті шешімі шығарылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда қанағаттандырылған істердің көрсеткіші айтарлықтай жоғарылаған. Сонымен қатар, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында медиация, татуласу тәртібімен аяқталған істер де бар. Мәселен, осы жылы 47 іс екі тараптың татуласуы арқылы оң шешімін тапты. Бұдан бөлек, бізге қаралуға берілген арыздардың басым көпшілігі өзара шешімі табылғандықтан қайтып алынады. Соңғы үш айдағы мәлімет бойынша 144 іс иелеріне қайтарылды. Тағы бір айта кететін жайт, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жер дауы мәселесіне қатысты даулы істердің саны артқан. Жыл басынан бері аталған мәселе бойынша 119 іс түсіп, оның 40-ы шешімі шығарылды. Ал қалған 40-ы қайтарылып беріліп, 35 іс татуласу рәсімдері арқылы оң шешімі шығарылды, – деді ГҮЛЖАН МЫРЗАТАЕВА.

Брифинг барысында облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Меруерт Тоғызбаева дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі туралы кеңінен тоқталып өтті.

-Дауды сотқа дейінгі реттеудің ерекшелігі – азаматтық істің кез келген уақытында бітімгершілік келісімімен аяқтау мүмкіндігіне ие. Бізге түскен жер даулары, салық саласына қатысты арыз-шағымдар көбіне сотқа кетеді. Ал сотпен қаралған істер бірнеше кезең арқылы жіті тексеріледі. Осы себепті сотқа дейінгі тәртіпті сақтап, оңтайландыруды көздейміз, – деді МЕРУЕРТ ТОҒЫЗБАЕВА.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар