7 жыл бойы ұрып-соққан

7 жыл бойы ұрып-соққанplaceholder

7 жыл бойы әйелін ұрып-соққан азамат сотқа тартылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысында әйелін қорлап, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген азамат сотқа тартылды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, бұған дейін Көкшетау полициясы жас келіншектің асылып өлуіне қатысты қылмыстық істі қысқартқан. Бірақ прокурорлар істі қайта қозғады.

Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылды, ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтіре алды.

Тергеу нәтижесінде Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйеліне физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл – оның өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына әкелді.

Күдіктінің әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды, делінген Ақмола облысының прокуратурасы ұсынған ақпаратта.

ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

14.10.2024 жылы күдіктіге қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 + двадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар