7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлады

2024 06 26 11 45 05

Саябақта ата-анасымен бірге серуендеп жүрген бүлдіршіннің үстіне ескерткіш құлаған. Ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы парктердің бірінде түсірілген фото тараған. Баланың үстіне Ұлы Отан соғысы ардагерінің бюсті құлаған.

Полиция жантүршігерлік оқиғаның Жеңіс саябағында болғанын растады.

«26 маусымда түнгі сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы алаңында 2017 жылы туған қыз баланың үстіне ескерткіш құлады. Ол алған дене жарақаты салдарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды», – дейді полицейлер.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар