«7 айдан бері ағамды өлтірген қылмыскерлер табылған жоқ»

437540351 2628854263944681 5278588411987684300 n

Арал ауданы Сексеуіл кентінің тұрғыны, қоғам белсендісі Бахтияр Ізбасаров өзінің Facebook парақшасында осындай жазба жариялады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Айтуынша, оның ағасы Талғат Айтжановтың мәйіті өткен жылдың 25 қазанында Ақеспе елді мекені маңында, теңіз жағасынан табылған. Алғашында балық аулап жүріп суға аударылып кеткен деп қорытынды жасалған.

– Алайда ағамыздың денесі теңіз жиегінен суға батырылған, аяғы байлаулы, беліне қап байланған күйде табылды. Құқық қорғау органдары кісі өліміне күдікті ретінде қасындағы өзінің туған балдызы, құда баламыз Еркін Жұмағұловқа іздеу жариялады, – дейді Бахтияр Ізбасаров.

Бірақ артынша күдікті деп саналған Еркін Жұмағұловтың да өлі денесі кілемге оралған, аяғы байланған күйде табылған.

– Екеуінің де мәйіті байланған, таяқ жеген күйде табылды. Талғат Айтжановтың футболкасы байланған күйде шықты. Өз көзіммен көрдім. Оларға тиесілі «LAND CRUISER 80» көлігі де теңіз жиегінен табылды. Бірақ машина іші тап таза. Асығыс келіп қойып кеткен. Сондай-ақ, моторлы резеңке қайықтары табылмады, – дейді қоғам белсендісі.

Бахтияр Ізбасаров осы уақытқа дейін ағасының өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтап тұрғанын, қазіргі жағдайына қатысты ақпарат ала алмай отырғанын айтады.

– Ағамыздың 40 күндік садақасы, 100 күндік садақасы өтсін деп өз өзімізді жұбатумен болдық. Бірақ қылмыскерлер әлі табылмаған. Қылмыстық істе қозғалыс жоқ. Істің тергеушісі ауысып кеткен. Қылмыскер қатаң жазасын алса дейміз. Полиция басқармасының жұмысынан нәтиже көре алмай отырмыз, – дейді ол.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать − 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар