6 адам уланып қайтыс болдыplaceholder

6 адам уланып қайтыс болды

6 адам уланып қайтыс болды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысында екі отбасы уланып қайтыс болды.

Жамбыл облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазан күні сағат 07:40 шамасында Жамбыл ауданы, Қызылшарық ауылында жеке тұрғын үйде, алдын ала болжам бойынша, табиғи газбен жанатын пештің сөніп қалуы салдарынан 3 адам газдан уланып қалған.

Олар 1963 жылы туған үй иесі мен оның 1988 жылы туған ұлы оқиға орнында мерт болды. Ал 2007 жылы туған немересі ауыр халде ауруханаға жатқызылған.

Сондай-ақ 16 қазан күні Т. Рысқұлов ауданы, Жарылсу ауылында жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша, газ плитасынан газ тарап, үй иелері 1967 және 1975 жылдары туған ерлі-зайыпты және олардың 2011 және 2019 жылы туған балалары уланып көз жұмған.

Бүгінгі таңда аталған қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі «Адам өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один + 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар