6 адам бір жігітті 3000 теңге үшін ұрып-соққан

6 адам бір жігітті 3000 теңге үшін ұрып-соққанplaceholder

6 адам бір жігітті 3000 теңге үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Алты адам жабылып бір жігітті соққыға жыққаны жайлы оның әпкесі әлеуметтік желіге жариялаған. 

«Кеше сағат 21:30-да інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады. Осы жағдаймен бөліскім келді, балаларыңызға қараңыздар», — деді жәбірленушінің әпкесі.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толығырақ ақпарат қосымша беріледі», – делінген Қарағанды  облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семнадцать + 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар