461401076 2102357913493043 4706339190436014820 nplaceholder

30 қыркүйек – Әділет органы қызметкерлерінің күні

Облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Асадинұлы салада атқарылған жұмыстарды БАҚ өкілдеріне баяндады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Әділет органы қызметкерлері – қоғамның құқықтық тәрібін қамтамасыз етіп, заңдылық пен әділдіктің сақталуына үлес қосады. Халыққа нотариаттық қызмет көрсетіп қана қоймай, жылжымайтын мүліктерді тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, азаматтық хал актілерін тіркеу сияқты қызметтерді де атқарады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Асадинұлы келіп салада атқарылған жұмыстарды БАҚ өкілдеріне баяндады.

– Әділет департаментінің негізгі міндеттерінің бірі – заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихат бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Бүгінде облыста 164 адвокат бар. Оның құрамындағы 83 адвокат әділет департаментімен бірлесіп халыққа тегін көмек көрсетеді. Айта кетейін, жыл басынан бері 10 580 азаматқа заңда көзделген жағдайлар бойынша тегін көмек көрсетілді. Сондай-ақ департаменттің құқтық қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы функциясы – нотариустардың жасаған іс-әрекеттерінің заңдылығына бақылау жасайды. Ал бұл бойынша биыл жоспардан тыс 5 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 2 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 4 нотариус лицензиясынан айырылды. Ұлттық брендтерді дамыту, Қазақстанның әлемдік нарықта өзіндік орнын қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар қолға алынды. Бәсекелестіктің артуы жағдайында аймақтарды дамыту үшін бренд пен имидждің маңыздылығы даусыз. Бүгінде қала мен аудандарда өз брендтерін қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күні географиялық нұсқама ретінде тіркелу әлеуеті жоғары Қызылорда облысында өндірілетін 10 өнім бойынша «Казпатентке» құжаттар өткізілсе, оның 5-еуі географиялық нұсқама ретінде тіркелді,- деді Жамбыл Асадинұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один + 13 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар