Үкімет басшысы Олжас Бектенов мопед мініп жол апатын жасайтындарға қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Үкімет отырысында премьер-министр “Egemen Qazaqstan” газетінде бүгін мопедтер мәселесіне арналған мақаланың шыққанын айтты.
“Сол мақалада көрсетілгендей биылдың өзінде мопедтердің қатысуымен болған жол апаттарынан 27 адам қаза тапты. Сұмдық деректер! Осы мәселені қалай шешіп жатырмыз?” -деді Бектенов.