Үш айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан 255 мың теңгеден асатын мобильді аударым жасаған азаматтар тексерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров депутаттық сауалға жауап беру барысында мәлімдеді. Сондай-ақ ол кәсіпкерлік кодекс туралы да сөз қозғады. Айтуынша, бір жылдық табысы ең төменгі 12 ең төменгі жалақыдан асатын, яғни, 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті.
– 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 процентке жетті. Халық QR-ды белсенді пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларының өзінде QR төлемдердің көлемі 6,3 триллион теңгені құрады. Бұл – барлық операцияның 17 проценті. Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны төрт есеге өсіп, 2023 жылы 11 айдың ішінде 127,4 триллион теңге болды, деді ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ.