540325707 2120772001786581 5013351117287078572 nplaceholder

№219 мектепте жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды

Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен және Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары — Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков күрделі жөндеуден өткен №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мектеп ғимараты бүгінде заман талабына сай толық жаңартылып, білім беру процесі үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Жөндеу жұмыстары барысында сынып кабинеттері, асхана, спорт және акт залдары, дәліздер мен ғимараттың ішкі-сыртқы бөлігі түгелдей жаңартылды.
Аталған мектепте бүгінде 200-ге жуық мұғалім қызмет атқарып, 1000-нан астам оқушы білім алуда. Білім ордасындағы құрылыс жұмыстарын «СК и Монтаж-строй» ЖШС мамыр айында бастап, тамыз айында аяқтады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар