Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» РММ басшысы Р.Сайлаубекұлы, «Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің» РММ филиал басшысы Г.Абишова және бас бухгалтері Ш.Зейілбекова жалпы сомасы 48,4 миллион теңге айыппұлға сотталды. Аталмыш қызметкерлер жұмысқа орналасу үшін пара алғаны, бергені, сонымен қатар іссапар шығындарын жалған рәсімдеп 2 миллион теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкімді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты шығарды.
Айта кету керек, сотталушылар бұдан былай мемлекеттік қызметтегі лауазымдарын атқаруға өмір бойына тыйым салынды.